Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінен кейін, 93 науқастың қатарына тағы 16 адам қосылды, олардың бәрі вирус жұқтырғандармен тікелей қарым-қатынаста болғандар.
Бұл 16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр, қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық.
Олардың бәрі де коронавирус жұқтырғандығы расталғанда станционарда болған.
Төрт науқас «Мәскеу – Алматы» рейсімен ұшып келген бір жолаушымен байланыста болған. Олардың біреуі науқастың анасы мен 2009 және 2017 жылдары туған екі баласы және бір байланыста болған адам.
Көңілге демеу болатын жағымды жаңалық – бүгін Covid-19 індетінен тағы 6 науқас ауруханадан жазылып шықты. Оның 5-уі әйел, біреуі ер адам.
Екеуі – 16 наурызда Стамбулдан, екеуі – 10 наурызда «Мәскеу – Алматы» рейсімен ұшып келген, тағы біреуі – 13 наурызда Берлин рейсімен жеткен, енді біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған.
Алматыда коронавирустан емделіп шыққандардың жалпы саны – 19.
Олардың бәрі қазіргі таңда 14 күндік үй карантинінде.
Бүгінгі күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясын жұқтырған деген диагнозбен 91 пациент жатыр. Олардың біреуі Алматы облысының тұрғыны (әйел адам).
77 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Екі ересек адамның халі өте ауыр, 1 науқас ауыр жағдайда, 11 ересек науқастың жағдайы орташа (араларында облыстың бір тұрғыны бар).
Провизорлық орталықтарда бүгінде 655 адам бар, олардың 83-і бала, екі күндік карантинде 523 азамат, ал үй карантинінде 4411 адам отыр.
АЛМАТЫ